Не артық?

 Мақсаты: Балаларды суретке қарап,оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:әр түрлі құстар мен үй жануарлары бейнеленген суреттер.

Ойын шарты: үлгідегідей әр түрлі берілген суреттерден ненің артық екенін табады.Берілген суретті топтастырып,олардын жалпы атауын айтады.Неліктен артық екені түсіндіріледі.Жеке және жалпы ұғым туралы мағына береді.

                       Қайысы қайда тіршілік етеді?

      Мақсаты: Суреттен көрген заттардын аттарын атап,олардың қайда өмір сүретінін айтқызу.Сөздік қорын молайту.

  Көрнекіліктер: теледидар,әр түрлі жануарлар,құстар суреттері.

     Ойын шарты: әр түрлі аңдар,құстарды көосетіп,олардың қайда өмір сүретінін сұралады.Олардын немен қоректенетінін айтқызады.Балалардын сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін,тапсырманы түсіндіруге болады. Олар туралы баланың білетін өлең,жұмбақтарын айтады.

                     Қарап алда есіңе сақта.

      Мақсаты: балаларды көрген суреттерді есіне сақтап,көз алдына  елестете отырып ,әр қайсысын ретімен атап шығуға ,үй жануарларының,аңдардын және құстардың жалпы аттарын айтқызу.Оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

      Көрнекіліктер:  үй жануарлары,аңдардың,құстардың суреттері.

    Ойын шарты: әр түрлі суреттері теледидардан көрсетіп шығады.    Балалар бірінші суреттен үй жануарларын, екінші суреттен жабайы аңдарды атайды. Үшінші суреттен құстарды атап шығады.

     Жалпы және жеке ұғымдарды бекітіп,оларға қамқоршы болу үшін не істейтінін сұрайды.

 

                                Сән ательесі.

    Мақсаты:балаларды суреттен көрген киімдердің аттарын атап,киім мен ұлттық киімдерді ажыратып топтастыруға,шапшаңдыққа  баулу.

   Көрнекіліктер: жаңаша киімдер,ұлттық киімдер,хат қалта.

   Ойын шарты:  хат қалтаға салынған әр түрлі киімдердің үлгілері балаларға таратылып беріледі.Балалар киімдер және ұлттық киімдердің аттарын атап,оларды қашан,қайда киюге болатынын айтады.Ол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды.

                      Жалпы атауын ата.

    Мақсаты: балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе,ең соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешу арқылы тапқырлыққа,шапшаңдыққа баулу.

    Көрнекіліктер: жемістер,ойыншықтар,оқу құралдары,үй жиһаздары.

    Ойын шарты:  Тәрбиеші балаларға хатқалтаның ішіне салынған жемістер ойыншықтар,оқу құралдарының,үй жиһаздарының суреттері бір-бірнеше сериялары дидактикалық материалдарды таратып береді.  Осы материалдардың жалпы атауына сәйкес топтастыру қажет.Өзінің топтағанын дәлелдеп айтуы тиіс.

   Мысалы: алма,өрік,алмұрт,жүзім жемістерге жатады.Өйткені;олар жеміс ағаштары.

                     Қарама-қарсы сөздер.

   Мақсаты:  антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту,сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту,зейінділігін арттыру.

  Көрнекіліктер: доп,карточкалар.

Ойын шарты: балалар бір –біріне кезекпен допты лақтырып,антоним сөздердің бірін айтады. Ал допты қағып алған бала тәрбиешіге кері лақтырып  айтылған сөзге қарама –қарсы сөзді айтуы керек.

                        Телефон.

    Мақсаты:естіген сөзді екінші балаға бұлжытпай жеткізуге дағдыландыру, диалогты сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту

     Көрнекіліктер:телефон

   Ойын шарты: телефон арқылы естіген сөзді басқа балаға жеткізесіңдер. Айтылған сөзді ешкім естімейтіндей етіп айтуымыз керек.Егер телефон үзіліп қалса,телефонды үзген бала айыбын төлейді.(Мыс: мақал,өлең т.б. білгенін айтуға болады.

   Телефонарқылы екі бала:

-Алло! Сәлеметсіз бе, Асқар?

-Иә Сәлеметсіңбе! Бұл кім екен?

-Мен Айданамын.Не істеп жатсың?

-Мен ойыншық жинап жатырырмын.

                            Жер,су,ауа.

        Мақсаты:  балаларға берілген тапсырманы тез шешуге,жылдам жауап беруге, ауада,суда не болатынын дұрыс айтуға төселдіру.Қоршаған ортаға қамқорлық сезімін тәрбиелеу.Шапшаң жауап беруге баулу.

     Көрнекіліктер:  асық

     Ойын шарты: балалар дөңгеленіп тұрады.Бір бала ортаға шығып,баланың кез-келген асықты лақтырып жіпереді де, «жер», «су», «ауа» деген сөздің бірін айтады.Егер бала « жер» десе,асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды,адамдарды,өсімдіктерді атайды. Ал «су»  сөзі айтса балық,балдырлардын аты аталады. Ауа дегенде құстарды айтуы тиіс.Осылай ойын жалғаса береді.

 

                         Үй жануарлары.

                       Не қалай дауыстайды?     

   Мақсаты:  үй жануарлары туралы түсініктерін жалғастыру.Әңгіме құрастыруға үйрету.Өзара көмекке достыққа тәрбиелеу.

   Ойын барысы: берілген ертегінің суретін немесе мултьфильммін көрсетіп әңгімелеуге болады. Мыс: Жылқы қалай кісінейді?Түйе қайтіп боздайды? Қой қайтіп маңырайды? Ешкі қайтіп бақырады? Сиыр қалай мөңірейді?

                              Нан туралы.

                   Сөйлемді жалғастыр.

       Мақсаты: наның маңыздылығын оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетінін түсіндіру.Нанды қастерлеуге тәрбиелеу.

   Ойын барысы:  Мамам дүкеннен...(нан сатып әкелді), мен қарындашпен...(нанның суретін салдым).Мен кітаптан...(нан туралы оқыдым) Менің апам...(нан пісірді)

                         Мені отбасым.

                               Кім жоқ?

      Мақсаты: отбасы туралы түсінік беру.Өзі жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.Ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін,ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын дамыту.Үлкенге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

   Ойын барысы: Тәрбиеші тақтаға отбасы мүшелерінің суретін іліп қояды.Балалар көздерін жұмады. Педагог тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды.балалар көздерін ашып мұхият қарап шығып кімнің суреті жоқ екенін табады.

                               Сөйлемді жалғастыр.

      Мақсаты:балаларды берілген тапсырманы мұхият тыңдап орындауға, сөйлемді жалғастыра білуге,сөйлемнің неше сөзден құралғанын айтуға үйретіп,тапқырлыққа баулу

       Көрнекілік: сөздер жазылған карточкалар.

      Ойын шарты: бір бала сөйлемнің басын бастайды,сөйлемді балалар аяқтайды.

     Мысалы: Бақшада балалар... Менің үйде... Мен бақшаға...

            Ойынды тақырыпқа байланысты,өзгертіп отырып өткізуге болады. Сөйлемді балалар өздері бастап,өздері аяқтайды.Ойын соңында бір сөйлемнің неше сөзден тұратынын талдайды.

 

 

Заттарды топта.        

     Мақсаты:Балалардын ойлау қабілетін дамыту.Суреттегі заттардын атын айтқыза отырып,сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.

      Ойын шарты:Суреттерге қарап топқа бөлу және жалпы аттарын атау.

Сөзге сөз қос.

     Мақсаты: Сөзге сөз қосып,сөйлем құрастыру арқылы баланың зейінін, шапшаң ойлауын дамыту.

    Көрнекілігі: шар алма,ойыншықтар

 Ойын шарты:Балаларды екі топқа бөліп өткізуге болады.Тәрбиеші сөз айтады,балалар сөзге сөз қосып,сөйлем құрайды.

     Мысалы:

                      Алма                       

 

 

                      Сәуле                                        

 

 

                       Шар                                              

 

 

                       Менің                           

 

Бұл киімді қай кезде киеді?

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерін ажыратуға,қандай киім киетінін баяндауға,сөздік қорын молайта отырып,ой өрісін дамыту.

Ойын шарты: Суреттерге қарап топқа бөлу және жалпы аттарын атау.

 

 

 

“Қуыршақты үйықтатамыз”.

Мақсаты:қуыршақ арқылы өзінің ата-анасына көмектесуге және өзі

үйренуге ,іні –қарындастарына қамқорлықпен қарауға бейімдеу.

Ойынның түрлері:Тәрбиеші балаларды дөңгелете отырғызып,ақырын сөйлейді:-қазір қуыршақ үйықтайды бәріміз сыбырлап қана сөйлесейік.Сендер қарап отырыңдар ,мен қуыршақты шешіндіремін;әуелі аяқ киімін,колготкиін,сосын көйлегін шешіп орындықтың арқасына іліп қоямыз.Қуыршақты төсекке жатқызып,баяу дауыспен бәріміз “әй-әй,бөпем” өлеңін айтамыз:

                    Әй-әй бөпем, әй бөпем,

                   Ән айтайын, бал бөпем.

                  Ән тыңдағың келсе егер,

                 Және айтайын жан көкем.

 

Бөпем менің ай ма екен,

Шекер ма екен бал ма екен?

Ойнақтап бір бәйгеден

Озыпкелер ,таймаекен?

 

Әй-әй бөпем, әй бөпем,

Ұйықтадың ба,бал бөпем…

Қуыршақ ұйықтап қалды деп,бәріміз ақырын.тарсылд-атпай шығайық-дейді.

Қуыршақ оянды:

Қуыршақ керуетте ұйықтап жатыр.Балаларды отырғыз-ып,тәрбиеші:-тұра ғой ,-деп қуыршақты оятады.Қуыршақты киіндірерде,балалардан сұрай отыра,

Балалардың айтқандарымен киіндіре бастайды.

   Әуелі несін кигіземін?

 -колготкиін.

-дұрыс.

Колготкидің оң,терісін,қалай кигізуін балаларды қатыс-тыра отырып,киімнің түр-түсін де сүрау арқылы білгізу керек.

 

                                          “Мынау не?”

Мақсаты:балаларға заттардың атын,түр-түсін,пішіндерін білуге ,есте сақтауға көмектесу.

Ойын шарты:балаларды отырғызып,төсек-орны жинаулы

тұрған керуетті көрсетіп,біз қазір төсек-орындарды өз атымен жеке-жеке атаймыз.Мен:-мынау не,бұл не?-дегенде сендер жауап бересіңдер:

-бұл не?

-жастық.

-мынау не?

-бұл жастықтың тысы.

-мынау не?

-ол төсек жапқыш.

-дұрыс,мынау не?

-ол көрпе.

-мынау сейсеп-деп тәрбиеші өзі айтады.

Балаларға қайталату:

-мынау ақ жайма.

-мынау не?

-ол құс төсек.

Бір баланы шығарып төсек орынды қайтадан жинатады.

 

 “Автобус жүргізуші”.

Мақсаты:балаларды жолда жүру,автобуста өздерін қал-ай ұстау керектігін үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар:қалпақ(қағаздан жасау),руль,абонементтер(қағаздан жасау),орындықтар,микрофон(қатты қағаздан жасауға болады).

Ойын барысы:бір баланыавтобус жүргізуші,екіншісін тексеруші етіп тағайындайды.Қалған балаларды жүргін-шілер.Егер бөлмеде өткізілсе,орындықтар екі қатар етіп

Қойылады.Бормен еденге алдыңғы,артқы есік белгісін,яғни екі параллель сызығын сызады.Аялдамада тосып тұрған жүргіншілер артқы есіктен кіріп,орындарына тыруотырады,тексеруші келіп тексереді.

Жүргізуші роліндегі бала Ж.Әбдірашевтің “Шофер”тақпағ-ының бір шумағын айтады:

              Шофермін,жарысқан желменен,

             Және де күштімін  мен деген.

             Мынаны қара деп, бала деп,

           Тұрмаңдар көлденең,бе-бе-бе-е-п.

“ал кеттік” деп мотордың дүрілін салып(тр-тр-трр)жүргізеді.Біраз жүрген соң келесі аялдамаларды дүкен,дәріхана,парк деп микрофонмен хабарлағанда,әр аялдамада  төрт-бес баладан түсіп қалады.Автобустан түскен балақайлар“дүкен” т.б, орындарға кіріп оны-мұны сатып алып,тағы да аялдамаға келіп тосады.Ойынды осылайша қайта жалғастыруға болады.

 

«Үй жануарлары жайында”

Мақсаты:үй жануарларын оныңтөлдерін қалай атайтынын үйрету.

Ойын барысы:балаларды жер үстелге отырғызып,тәрбиеші:-мынау не?-деп ойыншықтарды көрсете отырып сұрайды.Балаларға сұрақ қоя отырып,қойдың,сиырдың дене мүшелерін сұрауға болады.Балалардың жауаптарын толықтыра отырып,ақын Ж.Өмірбековтің “Төлдер” тақпағын мәнерлеп айту.Олардың қимыл-қозғалысын дәл келтіре отырып көрсету:

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

Бұлтиып тұр бүиірің

Қай өрістен тойдың?

Міне, қойдың қозысын төлдердің соңына қойып,бүйірін көрсетіп,”қай өрістен тойдың ?”-дегенде,қошақан –ме-ме-ме,ана өрістен тойдым деп ,басын бұрып көрсеткен болады.Балалар мәз болады.Олар осы тақпақты жаттап алады.

 

“Қонжықты емдейміз”.

Мақсаты:балалар дәрігер алдында өздерін еркін үстауға ,қорықпауға үйрету.

Ойын барысы: Балаларды отырғызып ,тәрбиеші қонжықты алдына алып,оның ауырып қалғанын хабарлайды.Қонжықтың қолтығына градусник қойып,денесінің қызуын өлшейді.Суық тиіп қалған екен,денесінің қызуы жоғары деп,қонжықты төсекке жатқызады.Емдемесе болмайды деп тәрбиеші ине салады.Содан соң дәрі беріп қымтап жатқызады.Қонжық ұйықтасын біз бөгет жасамайық.Үйықтап алған соң тәуір бола бастайды.

-Суық тиіп ауырып қалғанда,сендерге дәрігер ине салып,дәрі береді ғой,иә.Сендер де қонжық сияқты жыламайсыңдар,иә.Сонда жылдам тәуір боласыңдар:-дейді.

 

“Бізге жаңа бала келді”.

Мақсаты:балаларды адамгершілікке,әдептілікке тәрбиелеу.

Топқа жаңа келген баланы(я болмаса қуыршақ).

-Сәлеметсіздер ме?-деп амандасады.

Тәрбиеші топтан бір балаға орындық ұсынады:Тәрбиеші:-бізге жаңадан Серік келді,сендер Серікке топтағы бөлмелерді көрсетіп,таныстырыңдар,сосын ойыншықтарды алып ойнаңдар-дейді.Балалар Серікке(Қуыршаққа)-мынау ұйықтайтын бөлме,ас ішетін ,ойнайтын бөлмелеріміз-деп таныстырады.Ойыншық сөресіне келіп –өзіңе ұнаған ойыншық ал,қазір бәріміз ойнаймыз-деп ойыншық ұсынады:-Рахмет!. Балалар өздеріде таныса бастайды.Ойыншық бұрышында бірлесіп ойнайды.