Қимылды қозғалысты дамытуға арналған ойындар.
- 1. « Менің көңіл - күйім қандай»
Ойын шарты:
Балалар өз көңілдеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды (көңілді- көңілсіз, қорқынышты, ренжулі, ...т.б) Сол кездегі өзірінің көңіл күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл – күйге болған жайды әңгімелеп береді.
- 2. «Жаңа ертегі»
Ойын шарты:
Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді, Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. атаған кейіпкерлерді біріктіре отврвп жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады, балалалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып, ойын жалғасады.
- «Теңіз жағасындағы түс»
Ойын шарты:
Балалар теңіздің шуын тыңдап жатады (аудиожазба) Осылай жатып олар түс көреді. Балалар тұрған соң түсінде көргенін айтып береді. Ол су, теңіз жағасындағы адамдар , қайық, кеме, құстар, балықшылар су асты тіршілігі болуы мүмкін.
- « Сиқырлы дөңгелектер»
Ойын шарты:
Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады, Мысалы:құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толтырады.
- « Қиял жалғасы»
Ойын шарты:
Тәрбиеші ойланып , балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (толқын, сынық сызық, ирек т.б). менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Кәне , кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларынан толық сурет салып береді екен деп ,өз алдарындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар.
1 «Гүл»
Ойын шарты:
Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді(қолдарын созады) кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады ( қолдарын жан-жаққа шайқайды) . Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тонып, бүрсіп жабылады. (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрсіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастайды, сол уақытта гүлдерде құлпырып, жайнап ашыла бастайды. (балалар үлкен шеңбер жасап, үлкен гүл шоғына жиналады.).
- 2. «Заттарды қабылдау»
Ойын шарты:
Тәрбиешінің алдында биік аласа мұнарлар, жуан-жіңішке қарындаштар, оң қолын және сол қолын көтеріп тұрған баланың суреттері, табиғат көрінісі( ағаштар алыстан кішкене , жақыннан үлкен болып көрінеді) т.б. суреттер бар. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.
- Мұнарлар қандай ?(биік,аласа)
2.Қарындаштар қандай?(жуан, жіңішке)
3.Суретте бала қай қолын көтеріп тұр? (оң,сол)
- Мына суретте ағаш қалай орналасқан?( кішкене ағаш алсытан көрінеді,үлкен ағаш жақыннан көрінеді)
- «Ұқсас суретті тап»
Ойын шарты:
Тәрбиешінің алдында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар : екі шыршы, екі қайық, екі телевизор, екі тоңазытқыш, екі жапырақ, екі гүл, екі сағат т.б. осы суреттер бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан тандап алып салыстырып әңгімелеп береді.
- «Әр түсті заттар»
Ойын шарты:
Жүргізуші балаларға белгілі бір түсті айтады. Балалар сол түске сәйкес заттардың атын айтып беру керек. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы : қызыл алма, сары балапан.
- «Уақытты қабылдау жаттығуы»
- тәуліктің уақытын ата ?
Таңертең деген қай уақыт? (таңертең не істейтіндерін сипаттайды)
А) Түс деген қай уақыт? ( түскі тамақ ішеміз ,дем аламыз)
Б) Кеш деген қай уақыт?( үйге қайтамыз, үйдегі іс- әрекетті айту)
В) Түнде не істейміз? ( ұйықтаймыз)
- Бір аптада неше күн бар?
- Апта күндерін ата?
- Жұмыс күндері қай күндер?
- Демалыс күндері қай күндер?
Ойын қызықты келісім болуы үшін: ұлдар қыздардың, қыздар ұлдардың атын немесе келісім бойынша қалалардың, жануарлардың, өсімдіктердің аттарын айта алады. Егер жаңылып, не тоқтап қалса, өлең, тақпақ айтып, «айып төлейді». Ойындар жаңылмай , көп балалардың атын атаған бала жеңіске жетеді.
Тез қайтар.
Ойын шарты:
Үш қатар парталардың оң жағындағысында бірінші отырған балаларға бір-бір доптан беріледі. Белгі бойынша олар шалқайып, допты артында отырған балаларға , олар келесілерге береді. Ол алдыңғы балаға, осылайша доп бірінші балаға қайта келеді. Ол орнынан тұрып, допты жоғары көтереді. Қай қатардағы балалар допты бұрын көтерсе, солар ойынды бірінші аяқтаған болып саналады. Ойынды екі рет бұрын бітірген команда жеңіске жетеді. Ойынды күрделендіру үшін кейде доптың орнына қалам, қарандаш, дәптер, кітапты да пайдалануға болады.
Оралмақ.
Ойын шарты:
Үш бала қатар тұрып, белдеріне ұзындығы 8-10м жіпті байлайды. Ортадағы баланың белгісімен екі шеткі бала тез айналып,жіпті белдеріне орай бастайды. Ортадағы баланың қолынан бұрын ұстаған бала жеңіске жетеді.
Класс
Ойын шарты:
Мұғалім оқушылырға саусақ, қол, иық,кеуде,бұлшық еттеріне арналған бірнеше жаттығуларды көрсетіп тұрып,»Класс» сөзі айтылғанда балалар көрсетілген жаттығуды мұғаліммен бірге жасайды. Ал айтылмаса жасамайды. Жеңілген бала өлең, тақпақ айтып,»айтып төлейді». Ойын соңында бір де бір жеңілмеген бала атап өтіледі.
Айналмақ
Ойын шарты:
Ара қашықтығы 4-6м етіліп қойған екі орындықтың үстіне теріс қарап екі оқушы отырады. Мұғалім берген белгі бойынша олар оң жақтарына бұрылып, қарсы тұрған орындықты айналып жүгіріп келіп өз орына отырады. Соңғы келген бала екіншіге орын береді.
«Жылқы , түйе, қой ешкі»
Ойын шарты:
Төрт бала малдас құрып отырып,төрт асықты кезекпен үйіріп тастап ойнайды. Санамақ арқылы қай баланың қандай «мал жинайтынына» келісіп алады.
Бірінші бал –түйе.
Екінші бала-жылқы.
Үшінші бала- қой.
Төртінші бала- ешкі.
Ойын бастаушы асықтарды жоғары көтеріп,үйіріп тастайды. Сол асықтардың нешеуі өзіне керекті қалыпта тұрса, сонша мал жинаған болып саналады.
Егер асықтар:
Алшы түссе-жылқы, омпы түссе-түйе, бүге түссе-қой, шіге түссе-ешкі болып саналады. Ойынның соңында қай бала көп мал жинаса, сол бала жеңіске жетеді.
«Жапырақтар»
Ойын шарты:
Ойын жүргізуші қолын шапалқтап, «1,2,3...» деп санап тұрады. Орырғандар оған қосылып, қол шапалқтап, санап отырады. Кенет ойын жүргізушісі: «Тоқта!»- дейді. Сол кезде аңғармай қол соғып,не санап қалған бала ортаға шығып, көзін жұмып,теріс қарап тұрады. Мұғалімнің белгісімен отырғандардың біреуі келіп, екі қолының саусақтарымен желкесінен желпіп кетеді. Егер ол баланы танып қойса,екеулері орындарын ауыстырып, ойынды әрі қарай жалғастыра береді.
«Таяқша»
Ойын шарты:
Бір партада отырған екі баланың біреуінде 2-3см-лік таяқша болады. Оның біреуі боялған. Сол таяқшаларды жолдасына көрсетіп, қолдарын артына тығып, бір қолына ұстап, екі жұдырықты қатар ұстайды. Егер таяқшасы бар қолды дәл тапса, тапқан бала өзіне бір ұпай жазып, ойын жүргізу правасын алып , әрі қарай жалғастырады.
«Жер, су, ауа»
Ойын шарты:
Бұл ойында жүргізер алдында мұғалім балалармен жануарлар, балықтар, құстар туралы бірнеше рет әңгіме өткізуі керек. Қолындағы допты бір балаға қарай лақтырып жіберіп, «ауа» дегенде, бала бір құстың атын атауы керек: «су» дегенде, балықты атап, «жер»дегенде жәндік не жануардың атын атайды. Жауаптан шатасқан немесе кідіріп қалған бала жүресінен отырып, немесе алдын ала келісілген басқа бір жаттығу жасап, қайта орнына тұрады.
«Гүлдер «
Ойын шарты:
Ойын жүргізуші ойнаушыларға өзі білетін гүл аттарын қойып шығады. Сонан соң ортаға шығып: «Әсем менің гүлдерім, осы қазір мен араларыңнан Раушан гүлін көрмей тұрмын»- дейді. Сол сәтте « Раушан» гүлі орнынан тұрып: «Құрметті бағбан, мен осындамын, Бәйшешек көрінбейді»-деп, екінші гүлдің атын атайды. Ойын осылай барлық гүлдердің аты аталғанша жалғаса береді. Ойын барысында кімде-кім шатасса, өлең айтып, айыбын өтейді. Ойын жүйелі болу үшін, айып тартақ балалардың өнерін соңында тамашаулауға болады.
«Сақина салмақ «
Ойын шарты:
Ойнаушылар екі-екіден бөлініп, шеңбер жасап отырады. Жүршізіші қолына сақина алып, ортаға шығады. Бірінші отырған баладан бастап, біріктірілген екі алақанның орталарынан екі қолын өткізіп, бір баланың қолына басқаларға білдірмей сақинаны тастап кетеді. Барлық балалардың қолынан ұстап өтіп, бір шетке барып: «1,2,3, сақинам ұш» дегенде, қолында сақинасы бар бала ортаға тез жүгіріп шығуы керек. Егер ол шыға алса, келесі жолы ойынды жүргізеді. Ал қасында отырған көршісі сезіп, ұстап қалса, онда айып төліп,өз орнында қалады.
«Аттарын айту»
Ойын шарты:
Балаларды шеңбер қылып тұрғызамыз. Бірінші бастап оң жақтағы адамдар аттарын айта бастайды. Содан кейін сол жақтағы ойыншылар оң жақтағы айтылған аттарды айтып шығу керек. Бұл ойынды балалардың есте сақтау қабілетін тексереміз. Содан кейін керісінше сол жақтағылар аттарын айтып оң жақтағылар қайталап шығуы қажет.
«Газеттегі би»
Ойын шарты
- Жүппен қатысады.
- Газетті төсейміз.
- Музыка қойылады, билейді.
- Музыка айырылғанда жұптар тоқтап, газет бүктеліп, музыка қойылады. Осылай ойын аяқталғанша, газет әбден бүктеледі, ең соңында бір жеңімпаз қалады.
«Көрісу»
Ойын шарты
- Балаларды, қыздарды қарым-қарсы тұрғызамыс.
- Бір кісі балаларға, екінші қатардағы қыздардың атын, қыздарға балалардың атын сыбырлап айтып шығады. Шеттегі адам екінші қатарға барып көріседі. Аттары сәйкес келмесе өз орындарына қайта келіп тұрады.
«Цыпочка»
Ойын шарты:
Балаларды паравоз қылып қатарластырып тұрғызамыз. Қыздар өздері қалған адамды жетектеп алып кете береді. Цыпочка бойынша ойын жалғаса береді.
«Бұл мен»
Ойын шарты:
Балаларды шеңбер қылып тұрғызамыз. Балаларға бірнеше сұрақтар қоямыз. Бүгін кім ерте тұрды?
Есімі кім?
Жұлдызнамасы кім?
Деген сияқты сұрақтарға қоямыз.
«Кім тез ойлайды?»
Ойын шарты:
Балаларды тұрғызып ортаға тазике су қоямыз. Балаларға шырпыны беріп, шырпыны жағып, сол шырпы жанып болғанша, балалар өз ойларын тез-тез айтып болулары керек.
«Фигура жасау»
Ойын шарты:
Балаларды үлкен шеңбер қылып, қолдарына жіп беріп, көздерін байлап балаларға жүргізушінің нұсқауы бойынша балалар түрлі геометриялық фигурыларды жасап шығуы керек.
- үшбұрыш
- төртбұрыш
- бесбұрыш
«Шырмауық»
Ойын шарты:
Балаларды шеңбер қылып тұрғызамыз. Бір кісіні артқа қаратып тұрғызып, балалар шырматылып байлануы керек. Артқа қарап тұрған кісі келіп сол шырматылған шырмауды шешуі керек.
«Кім жылдам»
Ойын шарты:
Команда да бірнеше бала болады. Жүргізуші команданы екіге бөліп нұсқаулар береді.
-көздеріңнің түсі бойынша
- бойларын бойынша
-аттарынның алфавиті бойынша тұрындар
- бесбұрыш
- төртбұрыш жасаңдар, т.б
Қай топ тез-тез нұсқауды орындайды, сол команда жеңіске жетеді.
«Обрызға ену»
Ойын шарты:
Жүргізуші жиналған балаларға нұсқаулар береді
- қоян болу жылқы болу жануарладың дабысын шығаруіс
- әрекеттерді мимикамен көрсету керек.
Бстауыш қолмен бір ойыншыны көрсетеді. «Мен кімнің»-деп ойлады. Олардың кім екенін табу керек. Егер ол тапса, тапқан кісі жүргізуші болады. Таппаса ойын жалғасады.
«Ақсақ тауық»
Ойын шарты:
Ойыншылар 3 адамнан тұрады. Біреуі қолын екеуінің иығына қойып, бір аяғын қолдарына алады, қолдарын қосып тұрады. Сигнал бойынша ойыншылар финишке бес аяқпен қозғалып бару керек. (арасы 20-30см) финишке ең бірінші барған топ жеңеді.
«Шармен жүгіру».
Ойын шарты:
Ойыншыларға үлкен қасық пен шариктер беріледі. Сызықтың бойына тұрып, оң қолдарына шарик салынған қасықты ұстап тұрады. Белгі бойынша олар жүгіре бастайды , шарикті түсіріп алмауға тырысады.Олар белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, қайтып келу керек. Егер шарик түсіп алса , қолдың көмегінсіз шарикті жерден алып, қайта жүгіру керек. Ойын осылай жалғаса береді.
«Екі аяқтап бірге жүгіру»
Ойын шарты:
Мұнда балалар екі-екіден тұрады. Олардың аяқтарын бірін- біріне қосып байлайды. Олар қолдарымен бір-бірінің иықтарынан ұстайды.(тізіден төмен етіп байлайды) белгі бойынша жарыс басталады. Олар финишке бірінші баруға тырысады және одан қайтып келу керек. Екінші түрі , екі ойыншыға қолдарын ұстатып, олардың иықтарына доп қойып жүргізеді. Олар осы қалыпта допты түсіріп алмай жүгіріп шығу керек. Егер допты түсіріп алса, ойынды қайтадан бастайды.
«Бойтени»
Ойын шарты:
Бұл ойын далада ойналады. Барлық ойнаушылар беттерімен шөпке жатады, көздерін жұмып бастаушы 50 см-дей таяқты шөптің арасына лақтырып жібереді. Қалғандары бастаушының сигналы бойынша тұрып таяқты іздей бастайды. Егер біреу тапса, сол бастаушы болады.
«Чукур»
Ойын шарты:
Бұл әзербайжан ойыны алаңға таяқ не ағашты 40-50см қояды. Ойыншылар бұл жерден 15-20 қадам шегінеді. Содан соң олардың көздері байланады. Олар қайтіп келіп, сол жерден секіру керек. егер ол дұрыс секірсе 2 ұпай , егер біреуінде болса 1 ұпай , ал егер секіре алмаса ұпай жиналса, сол ойыншы жеңімпаз атанады.
«Даусын тап»
Ойын шарты:
Балалар шеңбер жасап тұрады. Ортасында бастаушы тұрады. Оның көзін байлайды. Ойнаушылар бастаушының артынша жүріп жақтап былай дейді.
Мы немножка помрали
А теперь в кружок мы встали
Ты загадку отгадай
Кто позвал тебя узнай
Осыдан соң бала көзін ашып, оның кім екенін табуы керек. тапса, екеуі орындарын ауыстырып, ойынды жалғастырады да, тапса, әуелгі бала қайтадан көзін жұмады. Ойын осылай бірнеше рет қайталанып, басқа ойын жүргізуші сайланып отырады. Ойын жүргізуші көзін ашқан кезде , кластағы балалар : «Апыр-топыр қайрағыш, кінәліні тауып аш» деп өлең айтады.
«Сымсыз телефон»
Ойын шарты:
Бір қатарда отырған балалардың ең біріншісіне ойын бастаушы келіп, бір сөз айтады. Оны отырған балалар кезегімен бір бірлерінің құлақтарына сыбырлап айтып шығады. Ойын бастаушы ең соңғы баладан « қандай сөз естідің?» деп сұрайды, ол өзі естіген сөзді айтуы керек, егер ол сөз бастапқы сөзден бөлек болса, екінші, үшінші... балалардан өз сөзінің дұрысын естігенше сұрай берді. Қай бала шатасса, ол орныннан тұрып, соңғы жаққа барып отырады.
«Жарыс»
Ойын шарты:
Қатарған отырған екі-үш баланың алдында дөңгелектері бар жіпке байланған, ойыншықтар тұрады. Жіптің бір шеті таяқшаға байланған, ол балалардың қолында. Арнаулы белгіден кейін балалар жіпті таяқшаға тез орай бастайды. Қай ойыншық қожасына бұрын келсе, сол бала жеңіске жетеді. Барлық балалар бір бір реттен ойнап өткеннен кейін, әр топтағы бірінші, екінші, ұшінші орын алғандар өзара жарысқа түседі.
«Бөдене мен түлкі.»
Ойын шарты:
1.ойыншылардың санына байланысты , диаметрі 6-8 м шеңбер сызылады. Бір бала «Түлкі» сайланнады. Оның көзі ақ шытпен байланады. Қалғандары «Бөдене» болып «ұшып» жүреді.
- Ойын мазмұны: «Түлкі» жүгіріп жүріп, «Бөденелерді» ұстауға тырысады. Егер ұстай қалса, сол балланың атын айтуы керек. Дұрыс тапса, екеуі орындарын ауыстырады.
- Ережесі. А) ойын шеңберінен шыққан бала ұсталған болып есептеледі.
ә) «Түлкіге» қолдарын тигізуге болмайды.
- методологялық нұсқау. Балалар ойын кезінде «түлкінің» шеңберден шықпауын қадағалап, көмектесіп отырулары керек. Ойын соңында қолға түспеген және ұстағыш бала атап өтіледі.
- Ойынның педагогикалық маңызы. Айналаны тез бағдарлауға, бұлтарып жүгіруге жаттығады. Ептілікке, батылдыққа, өзара көмекке үйренеді
«Тез ора!»
Ойын шарты:
Ұзындығы 10 см жіптің екі шетіне таяқша, дәл ортасына лента байланады. Екі бала екі шетінен ұстап тұрып, бір мезгілде айналдыруды бастайды. Кім бұрын лентаға жетсе, сол келесі баламен жарысқа түседі. Осылайшы бірнеше баламен ойнап, жеңілгеннен кейін ғана, басқа ойнаушыға жол береді.
Өзара келісім бойынша таяқшаның алға немесе керісінше айналдырып та, жүресінен, тізерлеп тұрып та ойнауға болады.
«Кім бұрын?»
Ойын шарты:
Парталардан 1 м алға , еденге алты бет қағаз қатар қойылады. Олардың үшеуінің бетінде 6-8 қағаз қиықтары бар. «Бір,екі,үш» дегенде , алдыңғы партада отырған үш оқушы ұшып тұрып, қиықтарды бұрын жинаса, сол командасына бір ұпай әкеледі.
Ойын осылай барлық балалар қатысып біткенше жүреді. Қай қатар көп ұпай жиналса, сол үздік команда болып табылады.
«Нүктелер»»
Ойын шарты:
Бұл ойынды бірнеше баладан бастап, бүкіл класс ойнай алады. Алдарында жатқан бір бет ақ қағаздың бетіне әр бала оң қолымен нүктелер дасайды. Ойын мұғалімнің берген белгісімен басталып, белгісімен бітеді. Берілетін уақытта 10-20 секундтан көп болмауы керек. ойын ұзаққа созылмас үшін нүктелерді өздері санағаны жөн. Қай бала аз уақытта көп нүкте жасап үлгерсе, сол баланың реакциясының жақсы болғаны.
«Шырпылар.»
Ойын шарты:
Еденде шашылып жатқан екі не үш бала қатарынан жүгіріп шығып, біртіндеп тез жинай бастайды. Жинаған шырпыларын төрешілерге санатып кімнің көп жинағаны анықталады. Ойнаушылар ме төрешілер орындарын ауыстырып, ойынды әрі қарай жалғастырады. Ойын соңында шырпыны көп жинаған бала айрықша аталып өтіледі.
«Алма мен Алмат»
Ойын шарты:
Екі қатар парталардың арасында тұрған тақтаға қарай жүріп келе жатқан ұл мен қыз бала бірнеше қыздардың, ұлдардың аттарын қадам басқан сайын атайды.













