«Құтқару қызметі» сюжетті рөлді ойын
Мақсаты: Әлеуметтік шығармашылыққа жағдай жасау және ынталандыру, ойын желісіне сәйкес шағын топтарға бөліне білуді және белгілі бір ойын әрекеті аяқталғанда тұтас ұжымға біріге білуді қалыптастыру. Құтқару қызметі жұмысының гуманистік бағыттылығы, оның қажеттілігі, төтенше жағдайларда олардың жылдам әрекет ететіні туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Балалардың тілін дамыту.
Атрибуттар: Арнаулы техника жиынтығы. Рациялар, тедефондар, жоспарлар, карталар. Құтқару қызметінің рәміздері. Құрал- жабдықтар, қорғаныш бас киімдері, қолғаптар, қолшамдар. Басқа ойындардың мысалы, «Жедел жәрдемнің» атрибуттарын қолдану. Басқару пульттері, жүк көлігі, арқан (жіптер).
Тәрбиешінің әрекеті: ТЖМ басшысының рөлінде оқиға болған жерге барардың алдында қажетті құралдар, жабдықтар туралы естеріне түсіреді, арнайы үйретілген иттері бар жол сілтеушілерді, жедел жәрдемді және басқаларын шақырады.
Балалардың іс- әрекеті: Қызмет диспетчері қала картасында оқиға болған орында жанатын дабылды қызыл жарықты бақылайды, телефон қоңырауын қабылдайды, қай қызметтің іске кірісетінін анықтайды. ТЖМ кез келген жағдайдан күн- түн демей құтқарып шығады, адамдарды іздеу үшін иттерді қолданады, жүргізушілер арнайы техникамен зардап шеккендерге азық- түлік, түрлі заттарды жеткізеді, базаға қайта оралады, су тасқынынан құтқарады. Жедел жәрдем аурудың шақыруы бойынша үйіне барады, жедел көмек көрсетеді, фотосуретшілер ТЖМ бірге оқиға орнына барады, суретке түсіреді.
«Мектеп» сюжетті- рөлді ойын
Мақсаты: Балалардың мектепке, мұғалімнің әрекетіне қызушылығын іс жүзінде іске асыру үшін жағдай туғызу. Балаларды өздігінен рөлдерді бөлуге және өзіне берілген рөлге сәйкес әрекет етуге үйрету. Ойдағы жағдаятты түсіну және соған сәйкес әрекет ету. Баланың әлеуметтік белсенді саласын және оның ересектер мен балалардың түрлі позицияларда (мұғалім- оқушы- мектеп директоры) орын алатын мүмкіндіктерін айтып мектеп тіршілігі туралы ұғымын кеңейту.
Атрибуттар: Мектеп құралдары, тақта, журналдар, карталар, атластар, күнделіктер.
Тәрбиешінің әрекеті: Директор ролінде оқушыларды қабылдауға мектептің дайындығын тексереді, Білім күні мерекесінің сценарин ойластырады, сыныптарды безендіруге көмектеседі, оқушыларды сынып бойынша бөледі.
Балалардың іс- әрекеті: Мұғалімдер оқушыларды қарсы алады, оларды мектептің ауласына мерекеге қатарға тұрғызады, сыныптарға апарады, сабақ жүргізеді, баға қояды, дәптерлер тексереді, үзілісте балалармен бірге ойнайды. Оқушылар 1 қыркүйек туралы тақпақтар оқиды, мұғалімдерге гүл сыйлайды, партада отырады, сұрақтарға жауап береді, қолдарын көтереді, ойнайды, кітапханаға, асханаға барады. Ата- аналар балаларын мектепке жаздырады, балалармен бірге кеңсе тауарларын және мектепке арналған кітаптар сатып алады, портфельдерін жинауға көмектеседі, балаларын мектепке алып келеді, ата- аналар жиналысына келеді. Оқу іс жөніндегі орынбасар сабақ кестесін құрайды, сабақтарға қатысады, мұғалімдердің жұмыстарын бақылайды, үзіліс кезінде оларға ойындарда көмектеседі. Кітапханашы балаларға үйде оқу үшін кітап береді, кітаптарды талқылауды ұйымдастырады. Буфетші әйел балаларға самса, шай, тәттілер сатады.
«Билайн» Корпорациясы» сюжетті- рөлді ойын
Мақсаты: Балаларға рөлдерді өз беттерімен бөлуді және өзіне бөлінген рөл бойынша әрекет етуді үйрету. Ойын барысында әлеуметтік болмысты көрсету, қоғамдық орындардағы мінез- құлық ережелерін, қызметтестер арасындағы этиканы бекіту, сөйлеу этикетінің дағдыларын қалыптастыру, топтық жұмысқа кірісуге және сол жұмыс барысында өзіне ұнайтын жағдайларды табуға үйрету, тапсырманың орындалуының сапасын бағалауға үйрету, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру.
Атрибуттар: Ұялы телефондар; Компьютерлер; Есепшот бланкілері; Чектер; «билайн» бейнелесімен заттар; Қызметкерлерге арналған бейдждер;
Тәрбиешінің әрекеті: Келуші рөлінде сюжетті ашуға көмектеседі, телефонын қай жерде жөндеуге болатындығын, қаржысын шотқа қалай салу керектігін, көрсетілген қызметтерге қай жерде төлей алатындығын, жаңа телефондарды қашан әкелетіндігін сұрайды. Келушілерді шақырудың электронды жүйесін ұйымдастыруға көмектеседі.
Балалардың іс-әрекеті: Анықтама қызметі телефондарыды жарнамалайды, сату пункттері туралы хабарлайды, журналдарды қарауды ұсынады.Қызметші персонал телефондарды ұсынады, бағаларын айтады, телефон нөмірін айтады, телефонды тіркейді, телефонның паспортын береді, телефонның шотына ақша салуды ұсынады, телефонды қолдануды үйретеді. Сатып алушы телефонды таңдайды, сатып алады, шотына ақша салады. Кассир ақшаны қабылдайды. Шеберханадағы жөндеушілер телефондарды қабылдайды, оларды қарайды, істен шыға себебін анықтайды, жөндейді, тапсырыстың орындалу мерзімін айтады.
«Химиялық тазарту» сюжетті- рөлді ойын
Мақсаты: рөлдерді орындау сапасына бағытталған бірлескен іс- әрекетті қалыптастыру. Қажет болған жағдайда басқа затты қолдану. Қызмет көрсету саласы туралы түсініктерді ойында бейнелеу, химиялық тазарту қызметкерлері жайлы балалардың білімдерін бекіту. Есте сақтауды дамыту, балалардың сөйлеу тілін белсендіру.
Атрибуттар: Қабылдау бланкілері. Киімге арналған тыс қаптар. Киімдер.Зертханаға арналған жиынтық. Кір жуу машинасы. Үтік.
Тәрбиешінің әрекеті: Химиялық тазарту директорының рөлінде қызметшілерді басқарады, әдептілік ережелерін естеріне түсіреді, келушілерге кезек күту ыңғайлы болу үшін жағдай тудырады: орындықтар қоюды ұсынады, үстел үстіне журналдарды қояды және т.б. Қызметшілерге түскі үзіліс болғанын хабарлайды және дәмханаға баруды ұсынады, келесі кезектің жұмысын бастайды.
Балалардың іс- әрекеті: Клиенттер кір киімдерін әкеліп, оны қабылдаушыға тапсырады, ақшасын төлейді, түбіртекті алады, алғысын білдіреді. Қабылдаушы, тіркеуші кір киімдерді қабылдап алады, қарайды, түбіртекті толтырады, кір жуушыға береді, телефон бойынша тапсырыс қабылдайды, жүргізушілерді мекен- жайлары бойынша жібереді. Кір жуушы бұйымдарды алады, жууға салады, ұқыпты болуын қадағалайды, бұйымдарды қабылдашыға қайтарады. Зертханашы бұйымдарды қарайды, дақтардың сипатын анықтайды, тазарту үшін қажетті ұнтақты таңдайды, заттарды операторға береді, түрлі ұнтақтарды араластырады, дұрыс тазарту үшін тәжірибе жүргізеді, Оператор заттарды алады, ұнтақтың көмегімен тазалайды, заттарды қабылдаушыға қайтарады.Жеткізу өызметі заттарды мекен- жайлары бойынша түбіртекті көрсеткеннен кейін иелеріне жеткізеді, Жүргізушілер машиналарына жанармай құяды, жөндейді, таза бұйымдарды балабақшаға жеткізеді.
«Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана» сюжетті- рөлді ойын
Мақсаты: берілген ойын әрекеттер сюжеттеріне сәйкес балалардың топтарға бөліне білу және аяқталғаннан кейін қайтадан бір ұжымға бірігу бөлігін қалыптастыру. Ойын барысында қоршаған тіршілік туралы білімдерді көрсету, медицинаның әлеуметтік маңыздылығын көрсету. Медицина қызметкерлерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, қоғамдық жерлерде өзін-өзі ұстау ережелерін бекіту.
Атрибуттар: Халаттар, дәрігердің бас киімі, науқастардың карточкалары, дәрілер тізімі, жолдама, бой өлшеуіш, шымылдық, көз дәрігерінің үстелі, дәрі- дәрмек, телефон, компьютер, зембіл. Дәрігердің ойыншық шамаданы: қайшы, жабыстырғышгипстік лангет, дәріге арналған банка, капсула, шприц, фонендоскоп, көз дәрігерінің көзілдірігі, невропотологтың балғасы, өкпе қуысын өлшейтін құрал және т.б. «Жедел жәрдем машинасы» ойыншығы.
Тәрбиешінің әрекеті: Бас дәрігердің рөлінде медицина қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, жұмысты ұйымдастырады, медициналық персонал жұмыстарының сапасын бақылайды, науқастармен әңгімелеседі, ауруханаға, емханаға дәрілердің жаңа топтамасына қоңырау шалады және тапсырыс береді.
Балалардың іс- әрекеті: Емделуші дәрігердің қабылдауына жазылады, қабылдауға шағыммен келеді, ем тағайындауын сұрайды, алғыс білдіреді. Дәрігер қабылдайды,тыңдайды, тамағын қарайды, қан қысымын өлшейді, дәрілер тізімін жазып береді. Көз дәрігері емделушіні қабылдайды, көзін тексереді, ем тағайындайды, кеңес береді, еңбекке жарамсыздық парағын береді. Медбике дәрігердің жазып бергенін орындайды, укол салады, банкі, егу қояды, тамақ бұлайды, қыздыру жасайды. Санитарка медициналық кабинетті жинастырады (еденді жуады, шаң сүртеді). Тіркеуші науқастың картасын толтырады, талон береді. Жүргізуші дәрі- дәрмектер мен құралдарды жеткізеді, дәрігермен бірге жедел жәрдеммен шақыру бойынша жүреді.
«Зообақ» сюжетті- рөлді ойын
Мақсаты: Балаларға ойынның сюжетіне сәйкес шағын топтарға бөлінуге және берілген ойын әрекетінен кейін бір ұжымға жиналуға үйретуді жалғастыру. Зообақ қызметкерінің еңбегі гуманисттік бағыт алғандығы туралы, ондағы негізгі мамандықтар: зообақ директоры, жұмысшылар, дәрігер, жол көрсетуші, асхана жұмысшысы; экскурсия жетекшісі туралы жануарларды күтіп-бағудағы негізгі еңбек процестері туралы балалардың түсініктерін кеңейту.
Атрибуттар: билеттер, зообақтың сызбанұсқасы, жол көрсеткіштарқұрылыс материалдары, жануарлардың киімдерінің элементтері; Ойыншық – аңдардың (түлкі, қасқыр, аю жиынтығы), Айболит дәрігерге хат, киім, шприцтер, тонометр, градусникер, дәрумендер, дәрігер.
Тәрбиешінің әрекеті: зообақ директоры жануарларды тамақтандыруға, торларды жөндеуге, мал дәрігерін шақыруға, балаларға дәрі- дәрімектер қорапшасын жинасыруға және де Айболитке хат жазуға көмектеседі.
Балалардың іс-әрекеті: Гид зообақтың ішіне саяхат жүргізеді. Аңдар туралы айтып береді. Күзетші торлы орындардың бүтін және жабық болуын тексереді, келушілерге аңдарды тамақтандыруға болмайтындығын естеріне салады, зообақты күзетеді. Аңдарды күтушілер аңдарды тамақтандырады. Оларға мейіріммен қарап, олармен сөйлеседі, торлы орындарды жөндейді, олардың іштерін қалыпқа келтіріп жинайды, аңдарға дәрумендер береді. Кассир билеттерді сатады, зообақта жаңа аңдар пайда болағандығына назар аудартады. Айболит дәрігер аңдар жаңбырдан соң тоңып ауырып, емделуді қажет ететіндігі туралы хатты алалды, қажетті заттардың барлығын алып жолға дайындалады, алайда кедергілерге тап болады - жаңбырдан соң өзен арнасынан шықты. Дәрігер айналып өтуді ұйғарады. Зообаққа келіп аңдарға көмек көрсетеді. Аңдар тәуір болады.
«Ателье. Сән үйі» сюжетті- рөлді ойын
Мақсаты: берілген ойын әрекеттер сюжетеріне сәйкес балалардың топтарға бөліне білу және аяқталғаннан кейін қайтадан бір ұжымға бірігу білігін қалыптастыру. Тігінші, сәнгер,үлгішінің еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу, олардың ұжымдық еңбегі бір адамның ұқыптылықпен еткен еңбегі екіншісінің жұмысына байланысты екендігі туралы ұғмдарын кеңейту. Ойын барысында өлшеу тәсілдерін қолдану туралы білігін дамыту. Диалогпен сөйлеуін дамыту.
Атрибуттар: шымылдық , түрлі өлшемдегі және түстегі маталар, түрлі - түсті жіптер киімдердің үлгілері журналдар тігуге арналған құралдар, билетке арналған касса, билеттер, ақшалар, фотоаппараттар, камера, сән үлгілері , космитикалық жиынтық.
Тәрбиешінің әрекеті: агент директоры ролінде тапсырыс берушілермен, сәнгер, сән үлгісі, сән үйлер, сәнді киімдерге тапсырыс беру туралы әңгімелеседі. Сән үлгісі жұмыспен ұйымдастырылады. Қызметкерлердің жұмыстарының дұрыстығына көңіл бөледі.
Балалардың іс – әрекеті: үлгішілер өлшемін алады, киім үлгісін жасайды. Қабыладаушы әйел тапсырыс беруді рәсімдейді, тапсырысты орындау мерзімін анықтайды. Тігінші тапсырысты орындайды. Бұйымның үлгісін алады. Кассер орындалған тапсырысқа ақша алады. Билет сатыды. Сәнгер дайын бұйымды көрсету үшін таңдайды. Сәнгерлер подиум бойыменен жүруге және қызықты, сәнді киімдерді көрсетуге үйренеді, сәнді киімдерді көосетеді. Курьер шақыру билеттерін таратады. Қонақтар өз орындарына отырады. Бпақылайды, қол соғып қошеметтейді. Фото кадрларды жазып алады, сәнгерлерге портфолио жасайды.
«Цирк» сюжетті- рөлді ойын
Мақсаты: балаларды өздігінен рөлдерді бөлуге және өзіне берілген рөлге сәйкес әрекет етуге үйрету, бір-біріне достық қарым-қатынасына тәрбиелеу. Ойын сюжетіне еден және үстел үсті ірі құрылыс материалдарына құрасыру бөлігін қалыптастыру. Балалардың мәдени мекеме және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері туралы ұғымдарын бекіту. Цирк және онда жұмыс істейтін қызметкерлер туралы білімдерін бекіту.
Атрибуттар: афишалар, билеттер, бағдарламалар, костюмдер элементтері. Шұлықтар, бас киімдер, ысқырықтар, сабын көпіршіктері, құлақтар, гирляндтар, сайқымазақтың заттары, жалаушалар және т.б. цирк артисттерінің атрибуттары: канат, шығыршықтар, шарлар. Грим косметикалық жиынтық. Аңдар ойыншықтары, аңдардың қорегі, ыдыстар, банттар, ленталар. Зембілдер, мал дәрігерінің халаты, дәрі қобдишасы, жедел-жәрдем, телефон.
Тәрбиешінің әрекеті: цирк директорының рөлінде жаңа цирк бағдарламасын хабарлайды. Аң үйретушісінің көмекшісі рөлінде маймылдың ауырып қалғаның хабарлайды, дәрігерін шақырады.
Балалардың іс-әрекеті: көрермендер билет түрлі-түсті бас киімдер және жарқылдаған таяқшалар сатып алады. Орындарына отыруға асығады. Қойылымды көреді, шапалақ ұрады. Артисттер өз номерлерін көрсетеді, аң үйретушілер аңдарды қоректендіреді және оларды сахнаға шығаруға дайындайды, тарайды, банттарын, ленталарын тағады, атрибуттарды шығарады, белгі береді, иттерді тәтті беріп мадақтайды. Кассир билетпен ойыншықтар сатады. Жүргізуші сахнаға шығады, номерді хабарлайды. Сайқымазақтар күлдіртеді, қызықты фокустар көрсетеді. Жылайды, күледі. Мал дәрігері жедел-жәрдеммен келеді, маймылды тексереді, жарасын таңады, зембілді әкелуді сұрайлы, маймылды аңдар емханасына алып кетеді.













