Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету.
Жүргізуші: балалар сәлеметсіңдерме?! Айналаңызға қараңдаршы, бүгін біздің залымыз ерекше әдемі солай ма? Қандай мерекеге жиналып отырмыз?
-Алтын күз
Дұрыс балалар. Қазір күз мезгілі. Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?
-Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр, күн бұлттанып, жиі-жиі жаңбыр жауады,жер шалшық болады, адамдар үстеріне жылы киімдерін кие бастады.
- Жарайсыңдар балалар, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше, алтын күзімізге арналған мерекемізді бастаймыз.
Ән: «Жаңбыр»
Жүргізуші: Балалар, күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі. Біздер оларды жинап аламыз солай ма? Жемістер мен көкөністерді атап беріңдерші.
-алма,алмұрт, қызанақ, қияр, картоп, сәбіз, қызылша.........
Ендеше балалар, қазір ортаға жемістерді шақырайық:
Сабина:
Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Мария:
Вишня-ягодка созрела,
Ах, как вовремя поспела,
В сад сегодня мы пойдем,
И всю вишню соберем.
На кампот и на варенье,
Будет деткам угощенье.
Айлин:
Мен алмамын, алмамын
Таңдай татар бал дәмім
Мына тәтті бал дәмді
Дастарқандарыңа арнадым.
Ал қазір балалар, ортаға 8 бала керек. «Күзгі өнімді кім тез жинайды?» ойынын ойнаймыз.
Шарты: балаларды теңдей екі командаға бөліп орындықтарға отырғызу, алдарына себетте күзгі өнімді қою. Жүргізушінің белгісімен, ең алда отырған екі бала күзгі өнімді алып артқа жалғауы керек. Кімнің себетінде өнім бірінші бітсе, сол топ жеңімпаз.
Жүргізуші: Балалар, жаңа өздерің айтқан күз мезгілінде күн бұлттанып, жиі-жиі жаңбыр жауады дедіңдер. Ендеше күз сол «бұлттарды» өнерін көрсетуге балабақшаға жіберіпті.
«Бұлттар» биі
Ойын: «Шалшықтарды аттап өт» қимылды ойыны
Ойын шарты: балаларды екі командаға бөліп, балалар аяқтарына резеңкелі етікті киіп шалшықты айналып жүгіріп келіп, етікті шешіп, келесі балаға беруі тиіс.
Би: «Жапырақтар»биі
Ойын: «Күзгі боямақ» ойыны /көңілді әуенмен/
Шарты: балаларды бірнеше командаға бөліп, әр командаға күзгі тақырыпқа сай суреттер беріледі. Әуен біткенше балалар суретті топ болып әдемі, таза етіп бояп шығуы керек. Қай команда ұқыпты, әдем, таза, бірінші болып суретті бояп бітіреді, сол команда жеңімпаз.
Би: «Көкөністер мен жемістер» биі
Балабақша меңгерушісі мен бір ата-анаға сөз беріледі. Күз көрмесіне арнап қолөнер жасаған балаларға сыйлық табысталады.
Ән: «Күз келді» хор
Міне, балалар, осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен тағыда құттықтаймын.













