Келісемін:                                                                   Бекітемін:

МКҚК «Ақ бота» балабақшасының                           МКҚК «Ақбота»балабақшасының 

Әдіскері: Қадырман.Б.О                                            меңгерушісі.Айтуганова.С.И

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«3саны және цифры»

 

Ашық оқу қызметі

 

 

 

 

Тәрбиеші:Далабаева.В.М

 

 

 

2019-2020 оқу жылы

 

Тақырыбы: «3 санымен таныстыру»

 

Білімділік мақсаты: 3 санының қатарын ретімен ауызша санауға жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 3 саны көлемінде білім-біліктілігін арттыру.

 

Дамытушылық мақсаты: Баланың танымдық, шығармашылық, сөйлеу іс-әрекеттерін біріктіріп дамыту.  Жан-жақты ойлау қабілеті мен сұраққа толық жауап беру деңгейін арттыру. Ойлау, қабылдау сезімдерін жетілдіру. Сөздік қорын дамыту.

 

Тәрбиелік мақсаты: Халық педагогткасын ұштастырып жұмбақ, санамақ туралы ұғымдарын қалыптастыру, есепке қызығушылығын ояту. Ептілікке, бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, әңгімелесу, логикалық ойын дамыту, сұрақ-жауап, көрсету, санау, қайталау,сергіту сәті, мадақтау, қорыту.

 

Көрнекіліктер: Сан таңбалары, суреттер, геометриялық пішіндер, үлестірмелі материалдар.

 

Үш тілдік  компонент:  бір-один-one,Екі-два-two,Үш-три-three

 

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

1. Шаттық шеңбері:

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Құрметпенен үлкенге

Бас иеміз біз.

/Қонақтармен амандасу/

 

2. «Қоянның топқа келуі» Балалар, бізге қоян қонаққа келді. Ол сендерді бүгін жаңа цифрмен таныстыруға келіпті. Қоян сендерге жаңа санның цифрын көрсетем дейді.

/Тақтадағы 1,2 сандары туралы қайталап алып, 3 санын көрсету/

Балалар өлең жолдарын айтып, қимылмен көрсетеді.

Қонақтармен амандасады.

 

 

Балалар қоянмен амандасады. Қандай сан әкелгенін көруге қызығады.

Ұйымдастырушылық кезең

Мынау қандай сан?

Не нәрсе бір-бірден болады?

 

 

 

Мынау қандай сан?

Не нәрсе екі-екіден болады?

 

 

 

 

Қоянның әкелген санына назар аударамыз.

 

Екіліктен кейін қараңдар,

3-саны шықты жарандар,

Үшінші орын тұрағы

Қос ілмектен тұрады.

/3 санын тақтаға 1,2 сандарынан кейін ілу/

 

Үш саны неге ұқсайды? Үш саны  қандай санмен көрші тұрады?

 

 

Үш тілдік компонент:

бір-один-one,

Екі-два-two,

Үш-три-three

 

Тақтада 3 санын және 3 затты көрсету. /алма, алмұрт, банан/

-Неше алма бар?

-Неше алмұрт бар?

-Неше банан бар?

-Дұрыс. Жалпы қанша жеміс болды?

 

-Балалар бізге қоянның әкелген ойша есептері бар екен қане, бәріміз шешіп көрейік:

Логикалық есептер:

Үш алманы бақтағы

Кірпі барып жинады

Ең әдемі, тәттісін,

Түлкіге ол сыйлады

Ыдыстағы алманың

Санап көрші қалғанын?

 

Сатып екі сәбізді,

Қойды үйрек себетке,

Тағы қосса біреуін,

Нешеу болмақ қарағын.

 

Ағашқа 3 торғай қонып тұр еді, ала мысық көріп торғайлар ұшып кетті. Ағашта қанша торғай қалды?

 

Сергіту сәті:

Қане, достым аңқайма,

Менен кейін қайтала.

Барша қимыл үш-үштен,

Көзіңді қыс үш рет,

Басыңды еңкейт үш рет.

Иықты көтер үш рет,

Солға-оңға үш рет,

Орныңда секір үш рет.

Ентігімізді басамыз,

Орнымызды табамыз.

Жұптық тапсырма:

1-жұп: қай заттар үштен? Қоршап сыз.

2-жұп

Суреттерді цифрмен сәйкестендіріп, сызықпен қосу.

3-жұп:

Цифрлардың арасынан 3 санын тауып, қорша.

 

-Бір

-бас біреу, ауыз біреу, мұрын біреу, аспанда күн біреу, ай біреу.

 

-екі

Қолымыз екеу, аяғымыз екеу, құлағымыз екеу, көзіміз екеу....

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар 3 санының орналасу ретін көреді.

 

-         Үш саны ілмекке ұқсайды.

-         екі санымен көрші тұрады.

 

Балалар қайталайды:

бір-один-one,

Екі-два-two,

Үш-три-three

 

 

 

 

-Бір алма бар.

-Бір алмұрт бар

-Бір банан бар

 

-Үш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Екеу, өйткені бір алманы түлкіге берді.

 

 

 

-Үшеу, өйткені тағы бір сәбіз қосылды.

 

 

 

-Торғай жоқ, олар ұшып кетті.

 

Рефлексивті коррекция

Қорытындылау кезеңі