Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты:Балаларда мерекелік көңіл күй тудыру. Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың крнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, біздер ертегі әлеміне келіп қалыппыз ғой, қараңдаршы мына жерден нені көріп тұрсыздар?
Ендеше біз осы жерде Жаңа жыл мерекесін тойлайық. Құрметті ата-аналар, қонақтар, «Ақбота» балабақшасының ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.
Қорылдап ұйықтаған дыбыс естіледі.
Жүргізуші: Балалар, естіп тұрсыңдарма? Мына жерде біреу бар және ол қалың ұйқыда сияқты. Барып қарайын, кім екен? /қасына жақын барып қарайды/
Ой, балалар бұл нағыз Аяз атаның өзі! Оны қалай оятсақ болар екен?
Кәне қолдарымызды шапалақтайық /шапалақтайды/
Аяғымызбен топылдатайық /топырлатады/
Оянбай тұр. Кәне, бәріміз бірге жасайықшы....
Аяз ата оянып, көзін уқалап, ортаға шығады.
Аяз ата:Мен қатты ұйықтап қалыппын ғой!
Жүргізуші: Ия, Аяз ата біз мерекеге келсек, сіз ұйықтап жатырсыз.
Аяз ата: Иә, мен сіздерге алыыыыс жолдан қар патшалығынан келдім, асу-асу таулардан, қалыыың қарлардан, ормандардан өтіп келдім, сол себепті шаршаған шығармын.
Мені оятқандарың үшін рахмет айтамын! Сендер қандай әдемісіңдер бүгін. Шыршаларың да сұлу екен. Қаншама, көп қонақтар да жиналған екен.
Жүргізуші: Аяз ата сіздің Ақшақар деген немере қызыңыз бар едіғо. Ол неге көрінбейді? Ақшақар қайда?
-Ақшақар ол Аққала екеуі сіздерге арнаған сыйлықтарын алып келе жатыр еді соңымнан. Қазір келіп қалар. Біз оған дейін шыршамыздың шамын жағайық, бос тұрмайық:
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
/Балалар Аяз атамен бірге қайталайды/
Жүргізуші: Ал енді әсем шыршамызға арналған әнімізді орындап берейік.
Ән: «Шыршаға бардық»
Музыка әуенімен ортаға Шырша шығады
Шырша: Сәлеметсіңдер ме, менің достарым. Мен мерекелік, жаңа жылдық шыршамын. Сендерді келіп қалған жаңа жылмен құттықтаймын! Сендердің маған келгендеріңе мен қуаныштымын және сендерге менің кішкентай шыршаларыммен дайындаған тосын сыйым бар. Қабыл алыңыздар!
Би: «Шыршалар»
Жүргізуші: Жарайсыздар, шыршалар тамаша билейді екенсіздер, енді осы шыршалардың Аяз Ата сізге арнаған тақпақтары бар еді, тыңдап көріңіз:
Аяжан :
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да.
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Айлин:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Қарлығаш:
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын
Төрле,төрле жаңа-жыл
Бізге құтты жыл болсын!
Адема:
Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Мөлдір:
Тамаша-тамаша!
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Джумагулова С:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата-әже, әке-шеше
Құттыболсын Жаңа жыл!
Джаксенова С:
Раз,два,три, четыре, пять,
Будем все мы танцевать.
Ведь сегодня новый год
Дедушка Мороз придет.
Айзере:
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар!
/залға ентіге жүгіріп аққала келеді/
-Сәлеметсіңдерме, балалар, сіздер түлкіні көрмедіңдерме?
Аяз ата: Аққала саған не болды?
- Ол менің тұмсығымды жұлып алып қашып кетті.
Аяз ата: Мұңайма, саған жаңадан тұмсық жасап береміз.
Аққала: маған жаңа тұмсық керек емес, маған өзімнің сәбіз тұмсығым керек.
Аяз ата: түлкіге сәбіз не үшін керек, ол сәбіз жемейді ғой.
Аяз ата: Ой, қартайдым. Мен өз немеремді сұрауға ұмыттым. Аққала менің Ақшақар немерем қайда? Сен оны орманға жалғыз қалдырдыңба?
Аққала: Мәә, қап, Ақшақар. Түлкі тұмсығымды ала қашқанда мен оны қуа жөнелдім. Ақшақарды ұмытып кеттіпін.
Аяз ата:Балалар, мен қазір немере қызымды және сендерге арналған сыйлықтарымды ала келемін. Сендер мені осында күтіңдер жарайма?
Аққала: Мен де сізбен бірге барамын.
/екеуі шығып кетеді/
Жүргізуші : Мұңаймаңыздар балалар, Аяз ата мен Ақшақар келгенше біз «Қолдар» биін билеп жіберейік.
/биден кейін залға түлкі кіреді/
-Мына жерде қояндар барма екен, тәәәк! /қулана қарап шығады/
Жүргізуші: сәлем түлкі,
Түлкі: Сәлеметсіңдерме, балалар, мені күткен жоқсыңдарма?
Әрине, мені ешкім күтпидіғо. /мұңайып/
Жүргізуші: Түлкішек сен оданда бізге мынаны айт, неге сен аққаланың тұмсығын алып кеттің? Ол соның кесірінен мұңайып, көңілсіз жүр. Ал жаңа-жылда ешкімге мұңаюға болмайды.
Қайтар оған сәбізді.
Түлкі: Қайтармаймын.
Жүргізуші: Неге?
Түлкі: себебі менің өзімнің көңіл күйім жоқ. /ренжулі дауыспен/
Мені ешкім қонаққа шақырмайды. Маған ешкім қонаққа келмиді. Менімен ешкім ойнамайды. Жаңа жылыңмен деп те ешкім құттықтамайды. Мені бәрі жаман, қу түлкі дейді. Мен ондай емеспін, мен шыншыл және мейірімдімін.
Мен қояндарға сәбізді беріп, олармен ойнағым келді.
Жүргізуші: Егер сен бір нәрсені қаласаң оны тартып алмай жәй ғана сұрап алсаң, саған берер еді. Біреудің затын немесе ойыншығын рұқсатсыз алып кетуге болмайды. Солайма, балалар? Сосын біреу бір нәрсесін саған бергенде немесе сыйлағанда, жақсылық жасағанда оған не дейміз?
Түлкі: Мен білмеймін, не деу керек?
Балалар: «Рахмет» дейміз
Жүргізуші: Көрдіңбе түлкішек, біздің балалар қандай? Олар ақылды. Бәрін біледі. сн де ақылды бол. Достарды ренжітуге болмайды. Ал енді, аққаланың тұмсығын бере ғой.
/түлкі жүргізушіге сәбізді береді/
Түлкі: Келесіде қайталамаймын. /төмен басын салбыратып/
Жүргізуші: Балалар түлкіні кешіреміз бе? ол бізбен бірге жаңа жылды қарсы алсын жақсы ма? Ол келесі жолы қателігін қайталамайды.
/Аяз атаның музыкалық әуені ойналады/
Түлкі: бұл Аяз ата шығар. Ол қазір маған ашуланып келе жатырған шығар. Ой, қорқамын. Қорқамын. /шыршаның артына тығылады/
/Аяз ата сыйлықтарын арқалап жанында Аққала мен Ақшақары бар залға келеді/
Аяз ата: Міне, біз де келдік. Бізді күтіп қалған шығарсыздар.
Ақшақар:Сәлеметсіңдерме балалар! Мені таныдыңдар ма? Мен Аяз атаның немересі Ақшақармынғой, алыстағы қар патшалғынан келдім.
Аяз ата: Ақшақар, сен орманда түлкіні кезіктірмедіңбе?
Ақшақар: жоқ, ата көрмедім.
Аяз ата: /балалармен диалог жүргізеді/
Ал сендерше, балалар, түлкішекті көрмедіңдер ме? Көрдіңдерме? Қайда ол? Шыршаның артына тығылып қалды дейсізбе?
Аққала: әне,көріп тұрмын. Қап бәлем түлкі сағанба? Қазір саған көрсетемін /түлкішекті қуады, түлкі жүгіріп жүргізушінің артына тығылады/
Жүргізуші: Тұра тұр аққала. Түлкі сенің сәбіз тұмсығыңды бізге қайтарды. Міне ол.
Аққала: неге тартып алып қашып кеттің, сұрауға болмадыма?
Түлкі: Мен ол сәбізді ормандағы қояндарға беріп, олармен бірге ойнағым келді, себебі менің ешқандай досым жоқ /мұңайып/
Мен әрқашан сұрамай алып үйреніп қалғанмын. Жаңа балалар маған үйретті. Біреудің затын сұрамай алуға болмайтынын. Кешірші аққала, келесіде қайталанбайды./екеуі татуласады/
Ақшақар: Жарайды, Түлкішек сені бір жолға кешірдік. Қала бер жаңа жылдық мерекемізде.
Балалар, біз Аяз ата екеуіміз сіздерге сыйлықтарыңызды алып келдік. Ал сендер бізге сыйлық әзірледіңдерме?
Жүргізуші: Ақшақар, әрине біздің балалар да сіздерге арнап тақпақтар мен әндерін, билерін дайындады.
Ақшақар: Кәне, онда тамашалайық.
Тақпақтар:
Сафия:
Елочка, ты елка,
Елка просто диво,
Посмотрите сами
Как она красива!
Айдана:
Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Мария:
Новогодний праздник
Лучше всех на свете!
Любят этот праздник
Взрослые и дети!
Пусть веселым будет
Каждый гость сегодня
Счастье пусть прибудет
В санках новогодних!
Мәди:
Оралды өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпе,
Асқар тау, қарлы шың.
Әмина:
Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап
Жаңа жыл келді
Жаңа жыл аппақ!
Матвей:
Елка,елка,елочка –
Зеленая иголочка!
Зажгись огнями разными –
Зелеными и красными!
Кира:
Хорошо на Новый год:
Елка, песни, хоровод
Я люблю его встречать
И подарки получать.
Би: «Джентельмендер»
Софья:
Наша елка вся в игрушках
И шары на ней висят!
Наша елка с Новым годом
Поздравляет всех ребят!
Рамаз:
Праздник мы встречаем,
Елку наряжаем
Вегаем игрушки,
Шарики, хлопушки.
Настя:
Новый год! Новый год!
Ждали мы тебя весь год.
Ярко огоньки сверкают,
Нашу елку украшает.
Эльдира:
Елочка – красавица
Деткам очень нравится!
Огоньки на ней блестят,
Сказку подарить хотят.
Алмас:
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз ата келгенде,
Билейміз, ән саламыз.
Максим:
Наша елка высока,
Наша елка велика,
Выше мамы, выше папы,
Достает до потолка.
Давид:
Новый год! Новый год!
Всех на праздник соберет!
Добрый дедушка Мороз
На подарки принесет.
Серафим:
Снег лежит перинами
Шапками идет,
Пахнет мандаринами-
Скоро Новый год!
Надир:
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Ән: «Маленький елочке»
Би: «Санталар»
Ән: «В лесу родилась елочка»
Аяз ата: Жарайсыздар, балалар! Сендер мені қуантып тастадыңдар. Өнерлі балалар екенсіңдер. Олай болса кәне маған қарай келіп сыйлықтарыңды ала қойыңдар!
/Сыйлықтарды үйлестіріп, балалармен қоштасып кетіп қалады/.













