Тақырыбы: «Спорт-сенің серігің!»

 

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Балалардың икемділігі мен ептілігінғ шапшаңдықтарын дамыту.

 

Түрі: Эстафеталық ойын

 

Көрнекілігі: Үлкен резеңке доп, доптар, кедергілер.

 

 

Барысы:

-Құрметті ойыншылар, бүгін «Спорт-сенің серігің!» атты эстафеталық жарысымызды бастаймыз. /екі топқа бөлініп тұрады/

Сайысқа қатысушы балалар кеуделерінде өз белгілері қыстырылған.

Алдымен жүргізуші сайыс шарттарымен таныстырады. Сайысқа командалармен танысу.

 

Ал сайыскер балалар,

Ешкімің жоқ алалар

«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік,

Оны әділқазы бағалар.

/Әділқазы мүшелерімен таныстыру/

 

Жарыстың шарттары:

  1. Таныстыру
  2. «Допты тез жеткізу»
  3. «Акробатика»
  4. «Кедергілер» сайысы
  5. «Пингвиндер» жарысы
  6. «Епті де, жүйрік» сайысы

 Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт-сапар!

 

Әр командамен таныстыру.

Ұстанған салауатты өмір салтын,

Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық балалар.

 

1.Таныстыру

«Күншуақ» тобы

Ұраны: Күндей болып күлеміз,

              Шуақ шашып жүреміз.

 

«Жұлдыз» тобы

Ұраны: Бүгін жарыс бақшада,

              Қуанады бар бала.

 

  1. «Допты тез жеткіз»

Ойын шарты: Допты ұстап жүгіріп келу.

 

  1. «Акробатика»

Ойын шарты: Музыка ырғағымен әр ойыншы құрсаулардан аттап жүгіріп, орындарына бару.

 

  1. «Кедергілер» сайысы

Ойын шарты:гимнастикалық орындыққа жатып кеудемен тартылу, кедергілерден секіру, орындық астымен еңбектеп өтіп командаға қарай жүгіру.

 

  1. «Пингвин» жарысы

Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс.

 

  1. «Епті де жүйрік» сайысы

Шарты: Үлкен доп үстіне отырып, орындықты айналып секіріп орнына келу.

 

-Рахмет, ойыншылар. Барлық жұмыс шарттарын орындадық.

Қорытынды бөлім

Көрсетті міне, өз өнерін балалар,

Сайыстың да соңы келіп таянар.

Жеңімпазды анықтайық қанекей,

Әділқазы сайысты әділ бағалар.

 

Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаларға арнайы дайындалған алқалар тапсырылады.

Спорт – көркі өмірдің,

Спорт – досың, серігің.

Жаттықсаң шымыр боларсың,

Шынығып, өсіп, толарсың,- демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік.