Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан»
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Елбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айту, әндерді орындау арқылы еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Сәлеметсіздерме, балалар, қонақтар, әріптестер! Бүгінгі 16 –желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған балабақшамыздағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.
- Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз? Отанымыз қалай аталады?
- Әрине, Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Қай ауылда тұрамыз?
- Махамбет
- Дұрыс айтасыздар біз Махамбет ауылында тұрамыз.
- Біздің ұлтымыз қандай?
- Қазақ
Қазақстан – бұл біздің Отанымыз. Отан деген ең асыл сөз. Отанды әркім әрқалай түсінеді. Біреу Отанды балабақшам, енді біреу отбасым, енді біреулер туған қалам, туылған ауылым, мемлекетім деп түсінеді.
Мемлекет басшысы ол Президент. Қазақстан Республикасының Президенті ол Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Әр мемлекеттің өз символикасы болады. Символика бұл – Елтаңба, Ту және Әнұран.
Біздің Рәміздеріміздің бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны
Балалар ҚРМ Әнұранының сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан атамыз және Жұмекен атамыз жазған. Әнін жазған Шәмші атамыз.
Ал қазір біз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын тыңдаймыз. Әнұранды тыңдағанда немесе орындағанда орнымыздан тік тұрып, оң қолымызды жүрегімізге қойып орындау керек. Ол «Мен өз елімді жүрегіммен жақсы көремін» деген мағынаны береді.
/Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады./
Мына суреттегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.
Балалар, тудың түсі көк. Көк түс бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі. Яғни, аспанымыз ашық болсын дегеннің белгісі екен. Тудың қақ ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз және оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы әрқашан күндей нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен, дала бүркіті Қазақстандықтар ұғымында дархандық пен қырағылық, биіктікпен бейнеленген. Тудың оң жағында оюдың бейнеленуі біздің қазақ екенімізді білдіретін қазақтың ою-өрнегі бейнеленген. Ал түстерінің сары болуының себебі, сары түс молшылықтың, байлықтың белгісі.
Би: «Жаса Қазақстан»
Келесі суретте біздің Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында елтаңбаның негізі ретінде шаңырақ бейнеленген. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын, мемлекеттің бастауын, отбасы ошағын бейнелейді. Екі жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік өмір, болашаққа үміт артқан сендер сияқты балалардың арманы, самғау биігі.
Ән: «Елтаңбасы елімнің»
Қазақстан Мемлекетінің әр азаматы осы рәміздерді біліп, оларға құрметпен қарауы керек.
Әр адамның өзінің туған күні бар. Сол сияқты біздің Мемлекетіміздің де туған күні бар. Ол 16-желтоқсан.
16-желтоқсан күні Қазақстан халқы «Тәуелсіздік» мейрамын тойлайды. Тәуелсіздік деген бұл – өздігінен, еркін, ешкімге тәуелді болмау деген мағына береді. Тәуелсіз мемлекет мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік сұрақтарды өз бетімен шешеді.
Біз Отанымызға деген құрметті «заңды» бұзбай бұлжытпай орындау арқылы құрметтей аламыз.
Ән: «Гүлжазира Қазақстан»
Би: «Ақ көгершін»
Тақпақтар:
Мөлдір:
Отан – менің ата-анам,
Отан – досым, бауырым,
Отан – өлкем, астанам,
Отан – аудан, ауылым.
Мария:
Казахстан – земля родная!
Очень любим мы тебя.
Море,горы, даль степная –
Это Родина моя!
Қарлығаш:
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер,
Отан – ана,
Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел!
Мәди:
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
«Батырлар» биі
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Осымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Балапан» тобының ертеңгілігі аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет.
Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!













