Білім беру саласы: Коммуникация,Әлеумет,Шығармашылық.
Күні:    09.2019ж

Тобы:Ересек топ

Бөлімі: Сөйлеу дамыту.
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақаты:Балалар бойында отбасы туралы түсінігін қалыптастыру, отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс әрі анық атауға, отбасы мүшелері туралы айта білуге үйрету.Отбасылармен таныстыру арқылы сөйлеу дағдыларын, шеберліктерін қалыптастыру. Балаларды үлкендерді сыйлауға, бірін-бірі тыңдауға, қадірлеуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: демонстрациялық сурет,отбасының суреттері,сары түсті қағаз,
дөңгелек пішін,желім. Слайт көрсету.
Билингивальди компонент:
Менің отбасым –мая семья,Ата-дедушка-грәндфазе, Әже-бабушка-грәндмазе,Әке-папа-фазэ,Апа-мама,-мазэ,Аға-брат-бразэ,Әпке-сестра-систэ,Бала-ребенок-бэйби.
ҰОҚ кезең
Мотиватциялық
қозғаушы
кезең (Қонақтар мен амандасу)Шаттық шеңбері 

                                                                                 
Қуанамын менде,

Қуанасын сенде.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Жұмбақ

Онсыз қызық жоқ маған,

Онсыз бақыт жоқ маған.

Ол әр баланың панасы,ол кімдер екен балалар?

Біз бүгін«Менің отбасым» тақырыбында әңгімелейтін боламыз. Ендеше, орнымызға отырайық.Барлығымыз мында назар аударайық.

 «Отбасы»(сурет бойынша әңгімелеу)
-Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
 - Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.(Есік қағылады)
- Балалар, біреу есік алдына мына қорапшаны тастап кетіпті. Ашып қарайықшы. Мына қорапта хат жазылыпты. Оқып көрейік.:

Хатта:
«Құрметті балалар, мен сиқыршымын. Сендерге сиқырлы қорап жібердім. Сиқырлы қорапта жұмбақтар бар. Сол жұмбақтарды шешіп, жұмбақтың жауабына сай тақпақ,мақал-мәтел айтсаңдар, сабаққа белсене қатыссаңдар, сиқырлы қораптан сыйлықтар пайда болады» деп жазылыпты.
- Балалар, сендер сиқыршының кім екенін білесіңдер ме?
- Олай болса, сиқырлы

1-жұмбақ: Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз?

-Ата.

2 - жұмбақ

-Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ертегі айтып береді. Бұл кім?

Әже

3-жұмбақ
-Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім?
- Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді?
-Ана туралы қандай мақал-мәтел, білесіңдер?

-Ана.

-Балапаным,аппағым,қозым,ботам,құлыншағым.......

4 - ші жұмбақ:
-Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім?
-Әке туралы қандай мақал -мәтел білесіңдер?

-Әке.

-Ал отбасында жаңағы айтылған әке,ата,әже,ана, бар екен.Тағы кім бар отбасында?
-Балалар, отбасы мүшелеріне ата, әже, әке, ана, сіңілі, қарындас, аға, апа, іні жатады. Отбасының үлкендері – атамыз бен әжеміз. Сондықтанда атамызға, әжемізге еркелейміз. Біз үшін ең қадірлі жандар – әкеміз бен анамыз. Соған қоса біздің бауырларымыз бар. Аға деп отбасындағы үлкен ер баланы айтады. Апа деп отбасындағы үлкен қыз баланы айтады. Іні деп отбасындағы кішкентай ер баланы айтады. Ұл бала үшін қарындас деп отбасындағы кішкентай қыз бала. Сіңілі деп отбасындағы үлкен қыз балалар өзінен кішкентай қыз балаларды айтады.

 

Сергіту сәті.
Әжем үшін күнмен,
Отын – ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Сыпырамын үй ішін,
Жуам аяқ-табақты.
Жылай қалса бөпемді,
Уатамын,бағамын.
Ойын сұрақ«Көңілді доп»
-Отбасы мүшесін ата?
-Отбасында кімді жақсы көресін?
-Отбасында кімге сыйлық жасайсың?
-Рамаз,сенде өз отбасын туралы таныстырып көрші.
-Анаңа қалай көмектесесін?
-Үйге қонақ келгенді ұнатасын ба?

-Үйде қонақ келгенде өзіңді қалай ұстайсын?

-Үйде ініңе ,қарындасыңа қалай көмектесесін?

-Жарайсындар балалар,өте жақсы

«Күн сәулесін құрастыр»дидактикалық ойыны.
-Балалар,сендердің алдарыңда пішіндер жатыр.Бұл қандай пішіндер?
-Қандай түсті пішіндер?
Осы пішіндерден күн сәулесін құрастырып жапсырайықшы.
Енді жапсырған күн сәулесін өздеріңнің отбасына сыйлайсыңдар.

-Баларлар бұл неге ұқсайды?
- Дұрыс айтасындар балалар. Шаңырақ – бұл біздің отбасымыз, біздің бірлігіміздің нышаны.

-Осындай жарқыраған күн сәулесі отбасымызда ешқашан сөнбесін деп осы шаңырақ астында бірлігіміз жарасып «Әрқашан күн сөнбесін»әнін айтып берейікші.

Қорытынды: Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Бәріміз бірге отбасымызға тілек сөздер айтып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!