Тақырыбы: «Мерейлі отбасы»
Күні: 09.2019ж
Мақсаты:Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында.
1. Халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары жайлы білімдерін дамыту, ата-ана шығармашылығын ұштау, балалардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу.
2. Балабақшамен ата-ана бірлігін нығайту.
3. Отбасы–Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке, ата-аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші:
Тыңданыздар! Тыңданыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
«Отбасы» тойы басталды.
Қызықтан тыс қалманыздар!
Тәрбиеші: Қадірменді қонақтар, ата-аналар!
«Мерейлі отбасы» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Осы отбасыларымыздың қадамдары құтты болып, мәртебесі биік болсын, мәре төрінен көріне берулеріне тілектестік білдіре отырып,ортаға отбасы мүшелерін шақырайық.
1. Жұмысты терең меңгерген
Жақсылықты жөн көрген,
Отбасы тұр құлшынып,
Қалмайын деп сіздерден.
(Ортаға Журумбаевтар отбасы Айболатқызы Айдана анасымен Менсұлу шақырамыз)
2. Әділдік іздеп талпынып,
Тынбайтұғын шарқ ұрып
Бұл отбасы жарыста
Озам дейді талпынып.
(ортаға Аяпбергеновтар отбасы Асхатқызы Аяжан анасы Гүлназ шақырамыз)
3. Мінезге бай салмақты,
Байыптайтын жан-жақты.
Мерейлі бүгін сайыста,
Жеңімпаз боп қалмақшы.
(ортаға Абулхатиновтар отбасы Бекайдарқызы Айзере анасымен Жанылсынды шақырамыз)
Отбасыларды ортаға шақырамыз.
Әділқазылар алқасымен таныстыру: - -----------------------------------------------------------
ІІ. Негізгі бөлім
Сайыс 5- кезеңнен тұрады
Ақыл-көрік бойлырыңа жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға ізетпен,
Отбасылар таныстырып өтеді.
1-ші кезен . «Тегімді менің сұрасаң» (Ортаға отбасылар шығып,өздерін таныстырады)
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында
дей келе өздеріңізді таныстырсаңыздар.
2-ші кезең «Өнерлінің өрісі кең» кезеңі (Топтың өнерін тамашалау ән ,би т.
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықта танытар.
Бұл сыннан де өтсең егер сүрінбей
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде-деп,
3-ші кезең «Ата мұраң-асыл қазынаң» қазақтың салт-дәстүрлері байланысты сұрақтар қойылады
«Қонақ-Құдай елшісі», «Қонақ келсе құт» деген қазақтың мақалдарынан халқымыздың қонақжайлылығын көреміз. Осы қонақ жөн-жолағысына қарай неше түрі болады?
/1. Құдайы қонақ-көлік күтіп, кеш болып кеткенде келген қонақ. Ондай қонақты үй иесінің қабылдамауға хақы жоқ.
2.Сый қонақ-арнайы шақырылған қонақ.
3.Қыдырма қонақ-ауыл үйдің қонағы/
4. «Жасау», «Енші» салт дәстүрі, айырмашылығы
5.Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап,үлкен азамат болғанға дейін жасалатын салт –жоралардың түрлері қандай?
6.Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз.
4-ші кезең «Тіл өнері».
Жұмбақтар:
Жұпар исі еседі, жайнап бақта өседі, аты не, кім шешеді? /гүл-цветок/
Суда қалқиды, жылыда балқиды /мұз-лед/
Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен /су-вода/
Ашылып жабылады, әр үйден табылады /есік-дверь/
Желден желігеді, судан шегінеді /от-огонь/
5-шы кезең. Отбасылық газет
Қорытынды: ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ.
Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес,жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын.
Кезекті әділқазалар алқасына береміз
Қорытындылау .
Ата салтым-асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірін,
Өткенімді бүгініммен жалғадым!
Құрметті ата-аналар ұстаздар! Сіздер бүгін отбасы сайысын көріп тамашаладыңыздар. Балабақша тәрбиеленушілерінің, өз ұл-қыздарыңыздың білімі мен өнерін аңғардаңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке, ынтымақ тілеймін. Балабақшамен жиі байланыста болыңыздар!
https://yaslisad-akbot-mahambet.rka.kz/kz/zha-aly-tar/109-merejli-otbasy.html#sigFreeIdd592315e6e













